Қазақстандағы жолдардың бойында жаңа әжетханалар орнатылуда

industry.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 22:47 industry.gov.kz
Әжетханалар "Шымкент – Тараз" тасжолының бойында орнатылмақ.

Қазір қайта жаңарту жұмыстарынан өтіп жатқан автомобиль жолдары учаскелерінің бойында 14 санитарлы-гигиеналық торап орнатылып жатыр, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"Щучинск – Зеренді" тасжолының бойында 1 санитарлы-гигиеналық торап жұмыс істесе, "Нұр-Сұлтан – Павлодар", "Жетібай – Жаңаөзен" жолдарында, "Қарағанды қаласының айналма жолында" санитарлы-гигиеналық тораптардың 11 бірлігі орнатылуда. 2 санитарлы-гигиеналық торап бойынша жеткізу жөніндегі келісімшарт жасалды. Әжетханалар "Шымкент – Тараз" тасжолының бойында орнатылмақ.

Айта кетейік, "QazAvtoJol" ҰК" АҚ ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетімен бірігіп, 2022 жылға дейін демалыс орындарында санитарлы-гигиеналық тораптардың 304 бірлігін орнату жөніндегі бағдарламаны әзірлеп, бекітті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: