Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептердегі әжетханалар мәселесі әлі толық шешілмеді

Дәретхана мәселесі шешілмей тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 13:37 Сурет: Zakon.kz
Мектептердегі әжетханалар мәселесі әлі толық шешілмеді. Бүгін алқа отырысын өткізген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев тілшіміздің сұрағына осылай жауап берді. Ел бойынша бұл мәселе 30 білім ордасында өзектілігін жоймаған.

Балардың қауіпсіздігін тікелей қадағалайтын бейнебақылау камераларының жағдайы да мәз емес, дейді бас ұстаз. Мекемелер құрылғымен 100 пайыз қамтылса да, сапасына күдік бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Төрт жыл бұрын Таразда 12 жастағы оқушы қыздың зорланғаны әлі ел есінде. Оқиға мектеп ауласындағы әжетханада болған еді. Осы жағдайдан соң барлық білім ордаларында дәретхананы ғимараттың ішіне ауыстыру туралы қатаң тапсырма берілген. Бірақ, ол әлі де толық орындалмаған, дейді министр Ғани Бейсембаев.

Қазір 30-ға жуық әжетхана қалып отыр далада орналасқан, өңірлердің бергені ақпараты бойынша. Біз бұл ақпараттарды да жіті тексере отырып, 2023 жылдың ішінде барлық әжетханалардың түгелдей мектепке көшіріліп, әжетханадағы қауіпсіздікті қаматамасыз етуді нақты қатаң бақылауда ұстайтын боламыз. Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі

Елдегі мектептер түгелдей бейнебақылау камерасына қосылған. Бірақ, олардың сапасы мәз емес, дейді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. Деректердің сақталуына да ешкім кепілдік бермейді. Білім ұяларында камералардың 47 пайызы жедел басқару орталықтарының жүйесіне қосылған. 87 пайызында дабыл түймелері бар. Күзетшілердің 70 пайызын лицензияланған агенттік қызметкерлері ауыстырған. Бұдан бөлек, балалар үйінің саны соңғы үш жылда 14-ке қысқарған.

22 мың жетім баланың 80 пайызы қазірдің өзінде асырап алған отбасында тәрбиеленіп жатыр. Бұл өз отбасында бала өсіргісі келетін ата-аналардың көбеюінің нәтижесі. Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында – кәсіби патронаттық отбасыларды енгізіп жатырмыз. Бұл норма биыл заң жүзінде бекітіледі. Насымжан Оспанова, Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы

Дегенмен, бұл балалар үйі түбегейлі жабылады деген сөз емес. Балаларды қолдау орталығы болып қайта құрылады.Аталған бағыттағы жұмыс сала мамандары және сарапшылармен одан әрі пысықталады.

Қазір елде 142 үш ауысымды, 42 апатты мектеп бар. Алқа отырысына қатысқан Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов сала басшыларына проблеманы сағызша созбай жұмысты жылдам аяқтауға тапсырма берді. Шалғай ауыл мектептеріндегі интернет сапасын көтеру мәселесін жыл соңына дейін шешу керегін қадап айтты. Бұдан бөлек, тәрбиешілер балаларды ұрып-соқпас үшін жергілікті органдар бақылауды күшейтеді. Директорлардың ротациясы жалғаса береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: