Қазақстанда басқа қаладан келетін студенттерге демалыс кезінде жол ақысының компенсациясы төленеді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 2023 жылдан бастап өзге қаладан келіп оқитын студенттерге каникул кезінде жол ақысының компенсациясы төленеді. Бұл туралы алқа мәжілісінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылдан бастап басқа қаладан келетін студенттерге каникул кезінде растайтын құжатсыз жол жүру ақысы 4 АЕК (13 800 теңге) төленеді", - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Бұған дейін елімізде студенттер жатақханасындағы орындарды бөлу ережелері жаңадан бекітілген еді.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру (мемлекеттiк қызмет) ұйымдарында студенттерге жатақхана беру өтiнiш негiзiнде өтеусіз жүзеге асырылады. Жатақханадағы бос орындардың болуы туралы ақпарат университеттің ресми сайтында ай сайын жарияланады. Жатақханадағы орындарды басымдық бойынша арнайы құрылған комиссия конкурстық негізде бөледі. Осы бұйрық 2023 жылдың 20 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript