Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбектер де өз "Егеменіне" мұғалімдерді мәжбүрлеп жаздырып жатыр

Google.Images, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2019 18:21 Google.Images
Директорлар ақшаны айлықтан ұстап қалу үшін арыз жаздырып алады.

Өзбекстанда фермерлер, мұғалімдер, дәрігерлер және басқа да бюджет мекемелерінің қызметкерлерін жергілікті басылымдарға мәжбүрлеп жаздырып жатқаны хабарланды.

Ташкент облысындағы Нурафшан қаласының бюджеттік ұйымдардың бірінің жетекшісі қала әкімі өздерін мерзімді баспасөзге жазылуға мәжбүрлегенін айтты, дейді Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Бірақ Нурафшан қаласы әкімінің орынбасары Сирожиддин Носиров бұл ақпаратты теріске шығарды.

"Біз ешкімді мәжбүрлеп жатқан жоқпыз. Болғаны "Машъал", "Ташкент ақиқаты" және "Ел үні" газеттеріне жазылу бойынша ұсыныс айттық", - дейді ол.

Бұл арада ферғаналық мұғалімдердің бірі билік өкілдерінің өздерін мәжбүрлеп жатқанын айтты.

"Мектеп директоры аудандық білім беру басқарма басшысының бұйрығын көрсетті. Газеттерге жазылу үшін сынып жетекшілеріне 150 мың сум (15 доллар), мұғалімдерге 80 мың сум, оқушыларға 6-8 мың сумнан жинауға тапсырма берді. Директор болса бұл ақшаны айлықтан ұстап қалу үшін арыз жаздырып алды. Мен мектепте 10 жылдан бері істеймін. Жыл сайын газеттер мен журналдар үшін деп ақша ұстап қалады. Бірақ біз бірде-бір бұл басылымдарды қолымызға ұстамаппыз. Ешнәрсе өзгермеді, бәрі бұрынғыдай", - дейді мұғалім.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: