"Проблемалық несиелер қоры" АҚ директоры ірі көлемде ұрлық жасады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 17:28 zakon.kz
Ол ЖШС басшысы мен құрылтайшысының сенімін теріс пайдалану мен алдау арқылы аса ірі – 20 млн теңге мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлады деп күдіктелуде.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген ҚР Қаржы министрлігінің "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаментінің директорының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ЖШС басшысы мен құрылтайшысының сенімін теріс пайдалану мен алдау арқылы аса ірі – 20 млн теңге мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлады деп күдіктелуде.

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайтын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: