Жаңалықтар тізбегі
0

Бьюти тренд: қазақстандық қыз-жігіттер шайтанға еліктей бастады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2019 21:19 видеодан кадр
"Шайтан ерінге" құмар жастар оны ұнатқаннан жасатпайды екен.

Бүгінде қыздар арасында жаңа бьюти тренд белең алып барады. Хайп қуған бұрымдылар қойып, тепсе темір үзетін жігіттердің өзі бұл процедураға құмартқан. Қызығы ерекше ерін істеткендердің көбісі мұны ұнатқаннан емес, сол баяғы атын шығарып, тез танымал болудың қамымен жасатады екен. Ал оның денсаулыққа зияны бар екені рас па? Шайтани образдарға еліктеген жастарға қоғам қалай қарайды?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Короче рассказываю вам о хите этого сезона нет сейчас реально так модно говорить это губы осменоги, вот идешь такая и говоришь всем губы сделаны в стиле осьминога, интересно а мозги им можно вкачать? А ты такая четкая, такая четкая такая ни че"


Деградацияның неше атасын сән әлемінен көретін болдық па, қалай өзі? Биылғы қысымыз бьюти индустриядағы осындай жаңалықтан басталды. Ал күлеміз бе, әлде жылаймыз ба? Шетелде қашан белең алған бұл тенденция, елімізде етегін енді жайып келеді. Алайда несіне таңғаламыз? Батыстың қаңсығын таңсық көрген қаракөздеріміз тренд дегеннен шет қалсын ба?

Камила Жұмаділ, косметолог:

"Бізге келетін қыздардың көбі "шайтан ерін" жасап беруін сұрайды. Бұл өте оңай процедура. Гиалурон қышқылын енгізу арқылы, ерінге осындай форма жасатамыз, болды. Ол 6 ай бойы тұрады. Кейін ерін өз қалпына келеді. Егер барлық нормалар сақталса, ертең ешқандай іздер де қалмайды. Ал егер сақтық шаралары қолданылмаса, онда аллергия пайда болып, беттегі тыртықтың іздері мүлдем кетпей қалуы мүмкін."

Қалай болғанда да, "шайтан ерінге" құмар жастар оны ұнатқаннан жасатпайды екен. "Жұрттар танысын, фотома көп лүпіл бассын, аз уақытта атым шықсын" деген сол баяғы бір мақсат. Алайда хайптың жілігін шағып, майын ішкен, бұл менің жұмысым деп бірнеше рет жалаңаш төсін көрсеткен модель Динагүл Тасованың өзі мұны шектен шыққан дарақылыққа балап отыр.

Динагүл Тасова, модель:

"Иә түсінем қазір қыздар шығып жатыр гиалурон жасатады ерінге, инемен өсіріп жатқандары да бар. Менің ойымша сол бір косметологиялық түрін алып, соны қолданса сол жақсы. Бірақ жаңағы емес дейсіз ғой. Жоқ жаңағы енді мүлдем, ол черезчур сияқты".


Көп білгеннен ғана емес, көп көргеннен де сұраған түріміз ғой. Айтпақшы Тасова ханымның хайп құмар сіңлілеріне айтар әпкелік кеңесі де бар екен.

Динагүл Тасова, модель:

"Сол арқылы мен назар аудартамын, маған көңілі ауады, подписчигім көбееді немесе маған жазылған пікірлердің саны көбееді, мен өзіме солай жарнама жасаймын деп ойласа, онда мүлдем қателеседі. Мен қанша сән әлемінде жүрсем де, жаңағыдай еріндерді жасатпайтын едім, оданша кеуде жасатсын"


Хош, хайп қуған нәзік жандарды қайдам, тепсе темір үзуі тиіс ер адамдардың мұндай ерін жасатқанын сол күйі санамызға сыйдыра алмадық. Әйтеуір, бір жақсысы сарапшылар мұны уақытша құбылысқа балап отыр. Демек, оның да буы басылады бір күні.

Ержан Мырзабаев, психолог:

"Заманнан қалып қоям, еркін өмір сүре алмай қаламын деген қорқыныштың белгісі болады. Жастарда әрбір нәрсеге бір әуес болады. Егер ол әуес уақытында тоқтатылмаса, оларға дұрыс түсіндірілмесе, онда бұл әуес әдетке айналуы мүмкін. Сондықтан әуесті әуес укезінде тоқтатқан өте маңызды".


Әлгінде айттық, ібіліс ернін ешкім ұнатқаннан жасатпайды деп. Алайда хайп үшін бәрі де құрбан. Құр бір фото салып, аз уақытта атын шығару үшін, көп бұрымды жарты жылдық өмірін сондай ерінмен өткізуге дайын ақ тұр. Мейлі, айтпағым ол емес. Әлі бет әлпетін бүлдіріп үлгермеген мақтан құмар қыздардың құлағына алтын сырға. Мұндай еріндерді тек косметолог қана емес, визажит те жасай алады, қарапайым помаданың көмегімен. Ал ендеше бастаймыз ба?"

"Неде болса көрейік деп шештік. Айналасы 5 минуттың ішінде ернім де дайын бола қалды".

Алайда, қанша жерден ұсқынсыз көрінсе де, оған бас қатырып жатқан қаракөздеріміз шамалы. Жұрттан қала ма енді? Ал халық соған көнсе де, көнбесе де шошып жүрмесе болды әйтеуір. Оны неге айтып тұрмын дейсіз ғой. Біз емес, қоғамның реакциясы айтсын:

"ооооой":
"Осындай ерінге көзқарасыңыз қалай? Ой бисмилляхи рахмани рахим. Керек жоқ ондай";
"Жақтыртпаймын ондайды";
"Это ужасно, деградация";
"Мен мысалы қызыма рұқсат бермейтін едім осындай".

Алайда, хайп, тренд құмар жастарда туған-туыс не дейді, жұрттар қалай қарайды деген ой мүлдем болмайтын тәрізді. Құлақтарын түнел етіп кескен, маңдайынан мүйіз өсірген, "шайтан ерін" істеткендерден енді не күтуге болады, оны ойлаудың өзі қорқынышты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: