ҚР Сыртқы істер министрі АҚШ-қа арнайы шақыртумен барады

ҚР СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2019 23:59 ҚР СІМ
Министр сапар барысында Мемлекеттік хатшы Майк Помпеомен, үкіметтің, АҚШ Конгресінің және Дүниежүзілік банктің ресми өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

12-13 желтоқсан аралығында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің АҚШ-қа ресми сапары жоспарланған. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлады zakon.kz.

"12-13 желтоқсанда америкалық тараптың шақыруымен ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеубердінің АҚШ-қа ресми сапары жоспарланған", - деді Смадияров.

Ол сапар барысында министрдің Мемлекеттік хатшы Майк Помпеомен, үкіметтің, АҚШ Конгресінің және Дүниежүзілік банктің ресми өкілдерімен кездесулері жоспарланғанын айтты.

- Жоспарланған келіссөздер барысында екіжақты және аймақтық күн тәртібінде тұрған кең ауқымды мәселелерді талқылау көзделген, - деп атап өтті ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: