Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында күйеуі күн көрсетпеген әйел Алматыға қашып келді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2019 16:25 видеодан кадр
Кәмшат "тоғыз жылдан бергі отбасылық өмірім тозаққа айналды", деп жылап-еңіреп келіпті.

Өмірім тозаққа айналды! Түркістан облысының тұрғыны Кәмшат Тастанова тілшілерге осылай деп мұңын шақты. Күн көрсетпеген күйеуінен қашып кеткенін айтады. Тұрмыс құрғандарына 9 жыл болған. 4 баланы өмірге әкеліпті. Алайда күйеуі оны Құдайдың құтты күні ұрып-соғады екен. Полицияға 9 мәрте шағым түсіргенімен сақшылар оны жылы жауып қоя салатын көрінеді.

Амалы қалмаған келіншек құжатсыз, ақшасыз Алматыға қашып келіп, Еуразия бірінші арнасынан көмек сұрады.

"Тоғыз жылдан бергі отбасылық өмірім тозаққа айналды", деп жылап-еңіреп келген Камшат отбасында "отырсам опа, тұрсам сопақ" болдым дейді. Күйеуінің ішімдік пен шылымға әуестігі жоқ екен. Дегенмен үнемі соққының астына алып күн көрсетпейтін көрінеді. Құзырлы органдарға оншақты рет шағым түсіргенімен , нәтиже шамалы.

Кәмшат Тастанова, Түркістан облысының тұрғыны:

"2010-да қызымды босанып келгеннен кейін 3 күннен кейін ұрып теуіп тастады мені. Тойда түскен алтындарымды сатты. Оны құртты. Ішімде 2013-те балам бар еді 3 айлық қылып оны тастап қойдым. Ойда-қырда бойыма бала бітсе болды ұра береді, тебе береді. Шаршадым, жалықтым бәрінен."


Отағасы балаларына берілетін жәрдемақыны да ұстаппайды екен. Күйеуі аздай енесі мен қайын сіңілісінен де жәбір көрген келіншек құжатсыз, көк тиынсыз Алматыға қашып келіп, біздің арнадан араша сұрауға мәжбүр болғанын айтады.

Кәмшат Тастанова, Түркістан облысының тұрғыны:

"Бала-шағамды әперіп, заңды некеден ажырастырып жіберсеңіздер. Күйеуімді өзгерте алмадым сонша жылдан бері. осыдан екі күн алдын кетіп қалдым. Мені ұрып теуіп тастағаннан кейін тоғаймен тоғай қашып, қырмен Шарапханаға барып, таксиге отырып сөйтіп амалдап қаштым."

Камшаттың күйеуімен телефон арқылы хабарпластық. Оның айтуынша келіншегінің ақыл-есінде кемістік бар көрінеді. Бірақ "саусағымның ұшын да тиігізген емеспін" деп ант су ішті.

Нұрғали Кемелов, күйеуі:

"Оны сіздер білмейсіздер. Оны аудандағы больницадағылар, РОВД бәрін біледі сырын. Мен енді аныу-мынау деп жамандамай-ақ қояйын. Айыбы сол ақыл-сеніде болып тұр ғой. Әңгіменің бәрі ақыл-есінде болып тұр. Бірде былай, бірде былай оны өзім де түсінбей келе жатырмын әлі. Ол бір емес миллион рет кетіп қалған үйіне".


Отбасына қайтып оралғасы келмеген Кәмшатты тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына орналастырдық. Енді келіншекпен психолог мамандар жұмыс істейтін болады.

Зульфия Омарова, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының әлеуметтік қызметкері:

"Бұл кісінің қазіргі психологиялық жағдайы бір қалыпты емес. Ауытқулы. Өз-өзін ұстай алмайды. Енді 9 жыл деген ұзақ уақыт. Бір айдың өзі жеткілікті адамды жынды қылып жіберуге. Бар жағынан барлық күшімізді саламыз, көмектеседі. Мамандарымыздың барлығы ат салысып көмектеседі".


Дағдарыс орталығының мамандары Кәмшаттың құжаттарын қалпына келтіріп, оның мүддесін қорғаумен айналысатын болады. Ал заңгерлер күйеуі екеуінің арасындағы қарым-қатынастың заңды нүктесін қоймақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: