Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды
Желтоқсан айындағы Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында "Жолаушылар тасымалы" АҚ екі бағыт бойынша қосымша электр пойыздарын іске қосады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
№6803/6804 "Нұр-Сұлтан-Атбасар" бағыты бойынша 2019 жылдың 17 және 31 желтоқсан және 2020 жылдың 7 қаңтар күндері;
№7502/7501 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағыты бойынша 2019 жылдың 14 және 28 желтоқсан және 2020 жылдың 4 қаңтар күндері;
№7510/7509 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағыты бойынша 2019 жылдың 13, 15, 17, 30, 31 желтоқсан және 2020 жылдың 3, 4, 7 қаңтар күндері жүреді.
Сондай-ақ "Алматы-Новосібір" бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы бір реттік сапарға шығады.
Алматыдан 2020 жылдың 2 қаңтарында, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 қаңтар күні жүреді. Осыған дейін мереке күндері ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша ("Алматы-2-Шымкент", "Алматы-2-Түркістан", "Маңғыстау-Бейнеу", "Нұр-Сұлтан-Шу") қосымша пойыздарын іске қосқанын хабарлаған болатынбыз.
Пойыздардың қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметінен алуға болады.