Өзбекстанда алаяқтар порносайттарға кіргендерді "айыппұлмен" қорқытуда

Shutterstock, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 15:27 Shutterstock
ІІМ тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырады.

Өзбекстан ішкі істер министрлігі порносайттарға кірген адамдардан ақша бопсалайтын істі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

"Соңғы уақытта бірқатар интернет ресурстарына (порнографиялық фото- және видео өнімдер) кірген кезде автоматты түрде "Өзбекстан ІІМ киберқылмыспен күрес бөлімі ескертеді" деген жазуы бар сайтқа өтетін жағдайлар жиілеп кеткен. Онда порносайттарға кіргені үшін ІІМ 200 000 сум (кей жағдайда 300 000 сум немесе 30 доллар) айыппұл төлеуді талап етеді. Төлемді "Webmoney" электронды жүйесі арқылы жүргізуді сұрайды. Кері жағдайда олар туралы мәлімет сақталатынын ескертеді", - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Өзбекстан ІІМ өздерінің құрамында "киберқылмысқа қарсы бөлім" жоқ екенін ескертеді. "Webmoney" жүйесінде ішкі істер министрлігінің ешқандай әмияны жоқ екенін айтады.

ІІМ тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: