СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: zakon.kz
СҚО төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды төтенше жағдайлар кезінде сақ болуға шақырады
Солтүстік Қазақстан облысында 18 мамыр, жұма күні ауа райының күрт құбылатыны туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК берген мәліметтерге қарағанда, өңірде солтіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
«СҚО төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды төтенше жағдайлар кезінде сақ болуға шақырады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, өңірде бұл аптада ауа райына байланысты осымен екінші рет ескерту жарияланып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript