Ақтөбеде күніне 50-60 бала өмірге келеді
Zakon.kz
2019 жылдың 11 айында Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі 12263 сәбидің өмірге келуін тіркеді, ал былтыр дәл осы кезеңде Ақтөбе қаласында 11939 бала өмірге келген, яғни туудың саны 3%-ға өсті.
Кеше қалалық АХАТ бөлімінде 20 сәбидің ата-аналарына туу туралы куәліктерін табыстаған қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен салтанатты рәсімде жас ата-аналарды құттықтап, әр сәбиге естелік сыйлықтар тарту етті.
- Қуаныштарыңыз құтты болсын! Сіздерге ана ретінде тілейтінім: балаларыңыздың денсаулығы зор болсын! Ақтөбеде күніне 50-60 бала дүниеге келеді. Мұны көбі біле бермейді. 10 күннің ішінде жаңа 500 ақтөбелік дүние есігін ашып жатады. Бұл қаланың агломерация орталығына айналып, көркейіп жатқанын көрсетеді, - деді Айгүл Арынғазиева.
Неке сарайының "Ұлттық залына" жиналған ақтөбеліктер бірін-бірі мемлекеттік мерекемен құттықтап, сәбилерінің алғашқы куәліктерін салтанатты түрде табыстағаны үшін алғыстарын жеткізді.
- Туу туралы кәлікті салтанатты түрде аламыз деп ойламадық. Ұйымдастырушыларға көп рақмет! Қуаныштымын. Әр отбасыда сәбидің тәтті күлкісі естілсін, - деді Ерік Ізғалиев.
2019 жылдың 11 айында Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі 12263 сәбидің өмірге келуін тіркеді, ал былтыр дәл осы кезеңде Ақтөбе қаласында 11939 бала өмірге келген, яғни туудың саны 3%-ға өсті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript