Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин Бакуде жүр

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 15:19 Ж.Құспанов
Нығматулин Бакуде ТүркПА шараларына қатысуда.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация Бакуде өтіп жатқан Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының шараларына (ТүркПА) қатысуда, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегация бағдарламасы аясында "Түркі әлеміндегі парламенттік дипломатия: бейбітшілік пен қауіпсіздік мүддесіндегі өңірлік ынтымақтастықты нығайту" тақырыбында пленарлық отырыс өтіп, онда Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық тақырыптармен, қоршаған ортаны қорғау және және табиғи ресурстарды пайдалану,сонымен бірге, халықаралық қатынастар және заңнамалық мәселелермен айналысатын ТүркПА тұрақты комитеттерінің ұсынымдары талқыланатын болады.

Сондай-ақ, Парламент өкілдері Түркі әлемінің материалдық емес мәдени мұраларын қорғау туралы модельдік заңдар жобасын қарастырып, туризм мәселесіне баса назар аударатын болады.

Қол жеткізілген келісімдер мен шешімдер Баку декларациясында көрсетілетін болады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин шетелдік әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: