Қазақстан халқының жеке деректері сақталған шетелдік сайт табылды
Datex
Веб-сайтта миллиондаған пайдаланушылардың аттары, мекен-жайы және телефон нөмірлері туралы ақпарат әліпби тәртібімен тізбектеліп жарияланған.
Роскомнадзор мамандары миллиондаған ресейлік пен Қазақстан тұрғындарының жеке бас деректерін сақтайтын nomerekaterinburga.com атты шетелдік интернет-ресурсты анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат құзырлы мекеменің сайтында жарияланды.
- Қорған қаласында 60 қалада тұратын ресейліктердің және Қазақстанның 34 қаласының тұрғындарының жеке бас деректері бар шетелдік сайт табылды, деп хабарлады Роскомнадзордың баспасөз қызметі.
Nomerekaterinburga.com домені Францияда тіркеліп, сол жақта орналасқан. Веб-сайтта миллиондаған пайдаланушылардың аттары, мекен-жайы және телефон нөмірлері туралы ақпарат әліпби тәртібімен тізбектеліп жарияланған.
Ресей билігі бұл сайтты субъектілердің жеке деректер бойынша құқығын бұзушылар тізіміне енгізді, таяуда ол бұғатталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript