Нұр-Сұлтанның дизайн-кодында не жатқаны белгілі болды
Елорданың сәулеттік-эстетикалық келбеті қаланың дизайн-кодында жазылған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтанның ресми сайтына сілтеме жасап.
Дизайн-код - стилистикалық біртұтас, жайлы және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыру үшін бірқатар ережелер мен ұсыныстардан құралған.
Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың дизайн-кодын жасауды тапсырған болатын.
"Дизайн-код ғимараттың және көше-жол кеңістігінің қасбеттік элементтеріне бағытталған. Ғимараттың қаспеті жағынан жол желісінің қолданыстағы жағдайын кішігірім сәулеттік нысандарды, көгалдандыруды, әрлеу материалдарын пайдалануды, түс схемаларын және жарнамалық құрылымдардың өлшемдерін ескере отырып түзету жоспарланған. Сонымен қатар, дизайн-код ережелері қала кеңістігін дамытудың егжей-тегжейін реттейді. Дизайн-кодтың басты міндеті - қоғамдық кеңістікті дамыту және адамдар үшін ыңғайлы қала құру", - деді А.Көлгінов.
Сондай-ақ көше кеңістігін 4 сыныпқа жіктеу жасалған: үздіксіз қозғалыстың қалалық маңызы бар негізгі көше, реттелетін қозғалыс, аудандық маңызы бар негізгі және жергілікті көше. Жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы нақты бөлінбегеніне байланысты, тротуарлар көп жүктелген, дизайн-кодта жаяу жүргіншілер, велосипед алаңдары, көше кафелері, қоғамдық орындар мен көгалдандыруды нақты бөлу қарастырылған.
Әр аймақтың өзіндік абаттандыру элементтері бар: абаттандыру, тротуар және алаң жамылғылары, жарықтандыру, көше жиһаздары, аялдама павильондары және т.б. Жарнамалық нысандар мен қондырғыларды, сондай-ақ ғимараттардың қасбеттеріне кондиционерлерді орналастыру ережелері әзірленді. Дизайн-код қаланың келбетін жақсартып, туристік тартымдылықты арттырады.