Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанның бас шыршасы 20 желтоқсанда жағылады

Астана ЭКСПО-2017, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 23:11 Астана ЭКСПО-2017
ЭКСПО аумағында дәмхана мен мейрамханалар, ал ыңғайлы болу үшін 3000 тұрақ орны бар жерасты автотұрағы жұмыс істейді.

20 желтоқсан күні сағат 18:00-де ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу салтанаты өтеді, деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсім қазақстандық әртістердің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламамен сүйемелденетін болады. Сонымен қатар келушілерді мұз төбешігіндегі қысқы ойын-сауық ойындары күтеді. Мерекелік бағдарлама елорданың ең жарқын әрі келушілер көп келетін көрікті жері – "Нұр Әлем" Сферасының маңайында өтеді.

Сондай-ақ ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында мұзайдыны жұмыс істеп тұр. 1300 шаршы метр ЭКСПО мұзайдыны бір мезгілде 200 адамға дейін қабылдай алады. Конькиді жалға алу құны 500 теңге, ал жеке конькилері барлар үшін сырғанау тегін.

Айта кету керек, ЭКСПО аумағында дәмхана мен мейрамханалар, ал ыңғайлы болу үшін 3000 тұрақ орны бар жерасты автотұрағы жұмыс істейді.

21-27 желтоқсан аралығында сағат 15:00-де және 18:00-де, 28 және 29 желтоқсан күні сағат 12:00-де, 15:00-де және 18:00-де Нұр-Әлемде «Құпия алып күш» атты жаңа жылдық шоу өтеді. Қызықты көрініс жаңа жыл қарсаңындағы іс-шара қонақтарын әйгілі фильмдер мен комикстердегі сүйікті суперкейіпкерлермен таныстырады. «Нұр Әлем» Сферасына билет бойынша кіру 6 жасқа дейінгі балаларға-тегін. Оқушыларға-500 теңге.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: