Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік Түркиядағы елшінің даулы мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

Inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 23:28 Inbusiness.kz
Шын мәнінде, қабылдауда елші қазақтар мен түріктердің ортақ тамыры, тілі, мәдениеті ұқсас деген сөздерді айтты, бірақ біз әртүрлі мемлекетпіз - ҚР СІМ ресми өкілі.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Түркиядағы Қазақстан Республикасы елшісінің Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай қабылдауда сөйлеген сөзі туралы мәліметті теріске шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Кейбір түрік БАҚ-тары біздің Түркиядағы елшіміз Тәуелсіздік күніне орай қабылдауда сөйлеген сөзінде «Қазақстан мен Түркияның тамыры, мәдениеті, тілі ортақ және болашақта бір мемлекетке айналады деп айтты» деген ақпараттар жарияланды. Мен бұл ақпарат шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеймін. Шын мәнінде, қабылдауда елші қазақтар мен түріктердің ортақ тамыры, тілі, мәдениеті ұқсас деген сөздерді айтты, бірақ біз әртүрлі мемлекетпіз, - деп түсіндірді Смадияров.

Ол шетелге мұндай ақпараттарды жариялауда жауапты болуға шақырды және мұндай жағдайда СІМ-нің баспасөз қызметіне жүгінуді сұрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: