Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: Жетісайда тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін цех өз жұмысын бастады

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 18:08 Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бұл мақсатта тиісті жұмыстар жүргізіліп, аталмыш кәсіпорын қаржы ұйымдарына құжаттар тапсырған.

Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтбаев елді мекенінде сүт өнімдерін өндіретін "МЕДЕТ СҮТ" ЖШС өз жұмысын бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталмыш цех 1 тәулікте 30 тоннаға дейін сүтті өңдей алады. Қазіргі таңда күніне 3-5 тонна аралығында сүтті өңдеп одан ірімшік, қаймақ, айран, сияқты 20 түрлі өнім өндіруде. Кәсіпорын басшысы Ғалым Олжабаевтың айтуынша, алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, өнім түрін 25-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сүт өнімдері ішкі нарықты толықтай қамтып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 18:08

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев "Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына, оның ішінде еңбек өнімділігі мен тауар экспорттауға үлкен мән беру керек деген болатын. Біз қазіргі таңда осы тапсырмалар аясында жұмыс істеу керекпіз. Өндіріс көлемін ұлғайтып сапалы өнім шығаруды күн тәртібінен түсірмей, экспортқа шығу жағын есте шығармайық", - деді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 18:08

Жиырмаға тарта жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Медет Сүт» ЖШС бүгінде өз қаржысымен ашылғанымен, алдағы уақытта өндірістік қуаттылығын арттыру үшін қосымша қаржыландыруды қажет етеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 18:08

Бұл мақсатта тиісті жұмыстар жүргізіліп, аталмыш кәсіпорын қаржы ұйымдарына құжаттар тапсырған. Қайта өңдеуге қажетті сүтпен қамтамасыз ету мақсатында тауарлы сүт фермасын екінші кезеңмен 2020 жылы құрылысын жүргізіп, іске қосуды жоспарлап отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 18:08

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: