Жаңалықтар тізбегі
0

Димашты әлемге танытқан Мәдениет министрлігі боп шықты

facebook.com / Ибраш Нусупбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 23:25 facebook.com / Ибраш Нусупбаев
Қазақтың қазіргі бюрократтары қатырады.

"Қазақстандық БАҚ-тың біріне сұхбат берген Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қазіргі әлемдік жетістігі ҚР Мәдениет министрлігінің арқасында келді, деген әңгімені ұялмай айтып отыр", деп таң қалады желіде журналист Ибраш Нүсіпбаев.

"Димаш – тума талант, бәлкім, жүз жылда бір туатын. Біз оны дер кезінде байқадық. Бірақ қанша жерден тума талант болсаң да, алдыңнан үлкен сахнаға шығу, жұртқа көріну, танылу деген міндет тұрады. Біз осы жолда ұзақ уақыт бойы жоспарлы түрде жұмыс жүргіздік (!!!!)", - дейді Күміс Сейітова.

– Қазір Мәдениет министрлігінің шенеуніктері Ержан Максиммен және басқа да кейбір орындаушылармен белсенді жұмыс істеуде. Біздің күнделікті күйбең жұмысымыз өте ауыр – осындай таланттарға барлық қалыптасу кезеңдерінде қолдау көрсету. Мұндай жұмыстар атқарылмағанда көптеген қазақстандық генийлерді қазір әлем танымас еді, деп қосыпты.

Мінеки, достар, біздің айналайын шенеуніктеріміз болмағанда әлем Димаш Құдайбергенді танымас еді. Тіпті ҚР Мәдениет министрлігінің шенеуніктері Димаш Құдайбергенді өз табысының 70% министрлікке аударып отыруға міндеттесе де таң қалмаймын. Сені көтерген біз едік, енді ақшасын төле дегендей! Қызық өзі. Бұрын мұндай масқара тірлікпен спорт саласының шенеуніктері айналысушы еді. Олар отандық спортшылардың барлық жеңісін өздерінің жетістіктері етіп көрсетуге құмар еді-ау, шетелдік командировкаларына, "әйел-тоқалдарына" халықтың миллиондаған ақшасын шашып.

ҚР Мәдениет министрлігі Нью Йорктегі Димаштың концертіне өз қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін іссапарға жіберу үшін қанша ақша жұмсады екен, деген сауал тастайды пост авторы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: