Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысындағы білім ұяларында "Әкелер мектебі" жұмыс істеуде

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 00:31 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Дұрыс әке дұрыс тәрбие берсе, қоғамның дұрыс дамуына айтарлықтай үлес қосары анық.

Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасымен барлық аудан, қалалардағы орта мектептерде "Әкелер мектебі" құрылды. Оның құрамына кірген ақсақалдар мен түрлі ұйым мүшелері жасөспірімдер тәрбиесін түзеу мен салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарды дәріптеумен айналысып, отбасылық тәрбиені насихаттап, мектептердегі бала тәрбиесіне атсалысады, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының бастамасымен облыстың әр ауданда аталған әлеуметтік жоба аясында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Ордабасы ауданы, Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясында "Әкелер мектебінің" ұйымдастыруымен "Әкелер мектебі – тәрбие мектебі" тақырыбында облыстық семинар өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 00:31

Жиында үздік 5-сынып оқушыларын "Жас ұлан" ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Жиынға қатысқан Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің мүшелері мен облыстық "Әкелер мектебінің" төрағалары, зиялы қауым өкілдері және мектеп басшылары оқушыларға ақ батасын берді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 00:31

- Әке – бала үшін тау тұлға. Бала әкеге қарап өседі. Әр әке баласына уақыт бөліп, кеңесіп отырғаны дұрыс. Сонда баланың ой өрісі дұрыс қалыптасып, көңіл көкжиегі кеңейіп, кез-келген мәселеге жан-жақты қарауға ұмтылады. Өзі түзу ағаштың көлеңкесі еш уақытта қисық болмайды. Дұрыс әке дұрыс тәрбие берсе, қоғамның дұрыс дамуына айтарлықтай үлес қосары анық, – деді Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов жиын барысында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 00:31

Семинарда "Әке – алтын діңгегім", "Әке – тірек, бала – жүрек", "Отбасындағы әке орны", "Отбасындағы әкенің беделін қалай арттыруға болады", "Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең" тақырыптарында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен тәрбиелік іс-шаралар өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 00:31

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: