Жаңалықтар тізбегі
0

БАӘ елшісі Елбасыға "Бейбітшілік кілемін" берді

elbasy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 14:26 elbasy.kz
"Бейбітшілік кілемі" жобасы кілем тоқудың дәстүрлі қолөнерін насихаттауға және соғыс бейнелерінің осы өнерге енуіне қарсы тұруға бағытталған.

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Елбасының сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі жақты қатынастарды нығайтудың, Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың, мәдени байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы жайлы айтылды.

- Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері біздің қарым-қатынасымыз өте қарқынды дамып келеді. Біз әрдайым БАӘ басшылығымен тығыз байланыста болдық. Осының арқасында елдеріміз арасындағы визасыз режим мәселесін шештік, рейстердің санын көбейттік. Бұл туристердің артуына жол ашып, тұтастай экономикалық қатынастардың кеңеюіне әсер етті, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Мұхаммед аль-Джабер БАӘ басшылығы атынан Қазақстанның одан әрі табысты дамуы мен өркендеуін тілей отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

- Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды серіктестердің бірі. Біз визасыз режим туралы келісімге қол жеткізуді оң бағалаймыз. Бұл кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды жеңілдетуге және инвестициялық белсенділікке ықпал етеді, - деді Елші.

Сонымен қатар, дипломат Нұрсұлтан Назарбаевқа мәртебелі шейх Фатима бинт Мұхаммед бин Заидтің гуманитарлық жобасы аясында жасалған "Бейбітшілік кілемін" табыстады.

"Бейбітшілік кілемі" жобасы кілем тоқудың дәстүрлі қолөнерін насихаттауға және соғыс бейнелерінің осы өнерге енуіне қарсы тұруға бағытталған. Жоба аясында қолөнершілер бейбіт және гүлденген өмір туралы өздерінің көзқарастарымен кілемдер тоқиды.

Ол әскери қақтығыс, жауынгерлер мен қару-жарақ бейнеленген "соғыс" тақырыбындағы ауған кілемдерін жасау дәстүріне қарсы бағытталған жоба.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: