Тоқаев жүргізуші куәлігін үйіне ұмытып кеткендерді жазаламауды тапсырды
mail.kz
Президент осындай факті бойынша биылғы жылдың 11 айында 80 мыңға жуық азамат жазаланғанын алға тартты.
Қазақстанда автокөлік жүргізушілері өзімен бірге әрдайым көлікке қатысты түрлі құжаттарды алып жүруі керек. Соның бірі ұмыт қалған жағдайда да полиция оларды жазалап жатады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке осы мәселені шешуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.
- Барлық көлік жүргізушілері жеке бас куәлігі, жүргізуші куәлігі, техникалық төлқұжат пен жол жүру парағы және басқа да түрлі құжаттарды өзімен бірге алып жүреді. Міне, осы құжаттардың бірін адам үйде ұмытып кетуі мүмкін, сонда да оны жазалап жатады, - деді Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында.
Президент осындай факті бойынша биылғы жылдың 11 айында 80 мыңға жуық азамат жазаланғанын алға тартты.
"Үкімет бұл мәселені жақын арада шешуге және қажет болған жағдайда заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуге міндетті", - деп тапсырды Президент.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript