Жаңалықтар тізбегі
0

"Қар аралас жаңбыр жауады". Синоптиктер ескерту жариялады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 23:30 Pixabay
Еліміздің бірқатар өңірінде қатты дауыл тұрып, жолдар көрінбей қалуы мүмкін - синоптиктер.

Нұр-Сұлтан мен еліміздің бірқатар өңірінде дауылға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz "Қазгидромет" мекемесіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында 21 желтоқсанда түнде тоқтаусыз қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады, түнде желдің екпіні 23 м /с үдейді.

Нұр Сұлтанда 21 желтоқсанда боран соғып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м / с. Қатты дауыл тұрады.

Көкшетауда 21 желтоқсанда қар жауып, тұман болады. Қатты дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен түнде секундына 15 метр жылдамдыққа боран соғады. Қарлы бұрқасын болады.

Ақтөбе облысында 21 желтоқсанда кей жерлерде қар жауып, көктайғақ сақталады. Солтүстік-батыстан қатты жел соғады.

Ақтөбеде 21 желтоқсанда түнде боран соғып, солтүстік-батыстан соққан желдің секундына жылдамдығы 15 метрді құрайды, қарлы бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында, Өскеменде және Семейде 21 желтоқсанда кей жерлерде қар бұрқасындап, көктайғақ күтіледі. Дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 25 метрд құрап, боран бет қаратпайды.

Батыс Қазақстан облысында 21 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, қар жауады, көктайғақ болады деп күтіледі.

Оралда 21 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі. Қатты дауыл тұрады.

Қызылорда облысында 21 желтоқсанда кей жерлерде тұман болып, қар аралас жаңбыр жауады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секудына 25 метрге дейін жетеді, қатты дауыл тұрады.

Қостанай облысында кей жерлерде толассыз қар жауады, қар қалың болады. Жартылай боран соғып, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан екпіні секундына 23 метрге дейінгі жылдамдықта жел тұрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: