Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2019 02:39 Ақорда
Мемлекеттер басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылай отырып, 2020 жылы Қазақстан астанасында кездесуге уағдаласты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтағаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері барлық сала бойынша екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық аренада сындарлы ықпалдастық орнатқанын айтты.

Мемлекеттер басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылай отырып, 2020 жылы Қазақстан астанасында кездесуге уағдаласты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: