Биыл Қасым-Жомарт Тоқаев 12 елге сапарлап барған
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз ай жұмысы барысында 100 мың шақырымнан астам жол жүріп және 180 сағаттан астам уақытын жолда өткізді, деп мәлімдеді ҚР Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.
"Жалпы алғанда, президент осы жылдың тоғыз айында 112 796 шақырым жол жүріп әрі жолға 181 сағат 36 минутын арнаған, - деді Берік Уәли.
Ол биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 елге жұмыс сапармен барғанын айтты. Оның ішінде Өзбекстан, Қытай, Қырғызстанға мемлекеттік сапармен, Ресей мен Германияға ресми сапармен барды. Ал жұмыс сапармен Ресейге екі рет және АҚШ, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Арменияға сапарлады.
Оның дерегінше, Қазақстан Президенті 9 халықаралық жиынға қатысты.
- Шет ел басшыларымен 31 рет телефон арқылы сөйлесті. 20 наурыздан бастап Қасым-Жомарт Тоқаев 45 заңға, 228 жарлыққа және 68 бұйрыққа қол қойды, - деп сөзін толықтырды баспасөз хатшысы.