"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының атауы өзгерді

"Астана ЭКСПО-2017", сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2019 22:41 "Астана ЭКСПО-2017"
Компания ҚР Сауда министрлігінің иелігіне берілді.

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атауы "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы" АҚ болып өзгертілді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Үкіметтің 20 желтоқсандағы №955 қаулысымен "Астана Экспо-2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының атауы "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы болып өзгертілді. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясының 100% мөлшеріндегі мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы ҚР Сауда және интеграция министрлігіне берілді, делінген құжатта.

QazExpoCongress маңызды мемлекеттік және квазимемлекеттік халықаралық сауда-экономикалық іс-шараларды өткізу үшін "бірыңғай оператордың" өкілеттіктеріне ие болады деп көрсетілген.

Құзыреттердің шоғырлануы бірыңғай стандарттар мен тәсілдерді (бірыңғай тұжырымдама, корпоративтік сәйкестілік және ұлттық ерекшелік) біріктіру арқылы қазақстандық шараларды ұйымдастыру деңгейін арттырады, бірыңғай институционалды із құрады.

Іс-шараларды бірыңғай "толық дайындайтын" оператор арқылы ұйымдастыру мемлекеттік органдардың күш-жігерін тек сауда-экономикалық мүдделерді қорғау және Қазақстанның бастамаларын ілгерілетуге "бағыттауға" мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: