Сапарбаев 2020 жылы әлеуметтік салада қандай өзгерістер болатынын айтты
132 мың қазақстандықтың жәрдемақысы 2020 жылы 30%-ға артады, - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында, деп хабарлайды zakon.kz.
Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын 132 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік төлемдердің мөлшері орта есеппен 30%-ға артады.
Бұдан өзге, келесі жылдан бастап еңбекке қабілетінен айырылу және асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушыларға қайта есептеуге қосымша ретінде әлеуметтік төлемдерді 5%-ға индекстеу қарастырылған.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 11 айында әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 178,8 млрд теңгені құрады.
"Жалпы, еліміздің бюджетіндегі әлеуметтік шығындардың үлесі жыл сайын артып келеді. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2018 жылы бұл үлес 43% болды, 2019 жылы – 45%, 2020 жылы — 50%. Бұл біздің ел басшылығының саяси бағыты әлеуметтік сипатта екенін, яғни халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын білдіреді", — деді Бердібек Сапарбаев.
2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 6,3 млн-нан астам қазақстандықты қамтып отыр, бұл еліміздің жұмыспен қамтылған халқының 72%-нан астамын құрайды.
"Бүгінде біз дайынбыз. Қазақстандықтардың мәліметтерін өзектілендірдік, статустарын анықтап, есепке алдық, қолданыстағы ақпараттық жүйелерді кіріктірдік", — деді Сапарбаев.
2019 жылдың 11 айында жұмыс берушілер есебінен Әлеуметтік медиицналық сақтандыру қорына 275 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Жыл сайын кемінде 500-700 млрд теңге жинау міндеті жұр.
МӘМС енгізу нәтижесінде келесі жылдан бастап бір сақтандырылушыға шығындарының 57,5%-ға – 55 мың теңгеде 87 мың теңгеге дейін өсуі күтіледі, медициналық инфрақұрылым дамытылады, медициналық техникамен жарақтандырылу деңгейі 70%-дан асады, жоғары технолоргиялы медициналық көмекке қолжетімділік мен медициналық қызметтер көрсету сапасы артады.