"Қайрат" футболшысы Исламбек Қуат Ресейдің "Оренбургіне" ауыспақ
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат жақын күндері ресейлік "Оренбург" клубының ойыншысы ретінде ресми таныстырылуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Екі тарап арасындағы келіссөздер аяқталуға жақын деседі. "Оренбург" қазақстандық ойыншымен алаң ортасын күшейтпек. Ресей Премьер-лигасында "Оренбург" 19 турдан кейін 12-ші орында келеді.
Айта кетсек, ҚПЛ-2019 маусымы аяқталғаннан кейін "Қайраттан" еркін агент ретінде Исламбек Қуатпен қатар Бауыржан Исламхан да кетті. Кейін белгілі болғандай, алматылық клуб басшылығы екі футболшыға карьерасын қазақстандық премьер-лига клубтарында жалғастырмау туралы шарт қойған.
Қуат "Қайратқа" 2014 жылы келген. Алматылықтар сапында ол ел чемпионатының күміс медалін бес рет тағып, үш рет Кубок алған, бір рет – Қазақстан суперкубогын төбесіне көтерді.
"Қайратқа" дейін Исламбек Қуат "Астана", "Оқжетпес" және "Ақтөбеде" ойнаған.