Алматының "Қайраты" "Карабахтан" жеңіліп қалды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 16:35 видеодан кадр
Алматылық клуб 79-минутқа дейін осы маусымдағы ең керемет ойынын өткізді.

Алматының "Қайраты" Конференция лигасының үшінші турында "Карабахпен" кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы Олимпиадалық стадионда өткен матч 2:1 есебімен әзірбайжандық клубтың пайдасына шешілді, дейді aladop.kz.

Ойынның 19-минутында "Қайрат" шабуылшысы Хосе Канте пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды.

Бірақ 70-минутта алаңға шыққан Рамиль Шейдаев тоғыз минуттан кейін таразы басын теңестіріп кетті, ал 91-минутта Аббас Гусейнов жеңісті голдың авторы атанды.

"Карабах" бұл жеңістен кейін 7 ұпаймен Н тобында көш бастады. Құрбан Бердыевтің шәкірттері бір ұпаймен үшінші орында қала берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: