Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 11 судьяның үстінен қылмыстық іс қозғалды

zakon.kz Сурет: zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, заң бұзған судьялар Алматы, Шымкент, Қостанай, Маңғыстау және Түркістан облыстарында анықталды.

Биыл қазақстандық судьялардың үстінен 11 қылмыстық іс қозғалды, оның алтауы сотқа жолданды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

- 2019 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде судьяларға қатысты 11 қылмыстық іс болды, - деді Биғайдаров.

Күдіктілер Қостанай, Түркістан, Маңғыстау облыстарының соттарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкентте жұмыс істеген.

- Алты қылмыстық іс сотқа жолданды. Барлық алты жағдайда сот үкімі шығарылды, судьялар әртүрлі мерзімге және жазаларға кесілді, - деп толықтырды агенттіктің тергеушісі.

Сонымен қатар, Биғайдаровтың пікірінше, егер сыбайлас жемқорлық үшін сотталған судьялардың істері бойынша шешімдер заңсыз екендігі дәлелденсе, ол істерді қайта қарауға болады.

Бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 418-бабында "Көпе-көрінеу әділетсіз үкім, шешім немесе басқа сот актісін шығару" көзделген.

Бұған дейін Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев сот орындаушыларының қарызды өндіріп алу процесін бейнетаспаға түсіру құқығын заңға енгізу қажеттігін атап өткен болатын.

Бұл, оның пікірінше, іс жүргізу іс-әрекетінің ашықтығын арттырады және қазақстандықтардан келіп түсетін шағымдар санын азайтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: