Өзбекстанда науқастың туысы дәрігердің көзін шығарды
ozodlik.org
Хирургтың оң көзі көрмей қалған.
Өзбекстанның Наманган облысы Учкурган аудандық ауруханасының кезекші хирургына науқастың бір туысы шабуылдап, оның көзін шығарған, деп хабарлайды centralasian.org.
Оқиға куәгерінің айтуынша, жанжал 2 қаңтарда кешке болған.
"Сол күні ауруханаға түскен баланың бір туысы жанжал шығарды. Әріптесім Одилжон оның ашуын басуға тырысып, далаға алып кеткен. Бірақ ол дәрігердің оң көзінен ұрған. Соның салдарынан дәрігердің оң көзінің қарашығы жарылып кетті", деді аурухана қызметкері.
Хирургтың оң көзі көрмей қалған.
Наманган прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Дәрігерге шабуылдаған 30 жастағы жігіт қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript