Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан ұшақтары Таяу Шығыс елдерінің үстімен ұшуын доғарған жоқ

w-dog.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2020 18:01 w-dog.ru
Қазақстан Иран, Ирак және Таяу Шығыстың басқа елдері арқылы ұшуға, әзірге тыйым салуды жоспарлап отырған жоқ.

Қазақстанның әуекомпанияларына тиесілі ұшақтар шиеленіс ошағы - Таяу Шығыс арқылы ұшуды тоқтатқан жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Иранның Ирактағы АҚШ әскери базаларына зымыранмен соққы бергеннен кейін Ақ үй өзінің әуе компанияларына Таяу Шығыс көгінде ұшуға тыйым салды. Қазақстан, әзірге мұндай тыйым түрін қолданған жоқ.

- Таяу Шығыс елдері арқылы ұшуға тыйым салынған жоқ. Ондай жоспар болған да емес. Егер мұндай шешім қабылданатын болса, біз алдын ала хабарлаймыз, - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Air Astana әуекомпаниясы да ұшуға тыйым салу мүмкіндігі туралы ақпаратты растамады. Дегенмен Қазақстан ұшақтары 2018 жылдан бері Иран астанасы Тегеранға ұшпағаны нақтыланды.

Алайда Иранның Mahan air әуекомпаниясының Алматы бағытында тұрақты рейстері бар. Компанияның сайтындағы мәліметке сүйенсек, рейстер айына төрт рет, аптасына бір рет жасалады.

Келесі "Тегеран – Алматы" рейсі осы жылдың 13 қаңтарына 6: 45 сағатына (Тегеран уақытымен) белгіленген, Алматыдан кері рейс сол күні 14: 00 уақытына (жергілікті уақытпен) жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: