Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс депутаттары Лукойл кәсіпорнына барды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2020 15:41 Сурет: zakon.kz
Мəжіліс депутаттары Алматы облысында кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Алматы облысында Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев, Амангелді Дәуренбаев және Әбдіманап Бектұрғановтың сайлаушылармен кездесулері жалғасуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутаттық кездесулердің тақырыптары Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын іске асырудағы басым бағыттарын, сондай-ақ Мәжілістің заңнамалық қызметін түсіндіруге бағытталған.

Бүгін Байсерке ауылында депутаттар өткен жылы ашылған "Лукойл Лубрикантс" зауытының ұжымымен кездесті. Кəсіпорын жылына 100 мың тонна өнім шығаратын "Лукойл" ресейлік мұнай компаниясының еншілес құрылымы болып табылады.

Зауыттың еңбек ұжымен кездесу барысында депутаттар шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру қажеттілігін атап өтті.

Аймақтағы іс сапарлары шеңберінде депутаттар "Nur Otan" партиясының филиалдарында азаматтарды қабылдау өткізді. Кездесулерде айтылған проблемалық мәселелер депутаттық бақылауға алынды.

Мәжіліс депутаттары облыста жұмысын жалғасуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: