Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбенің дөкей шенділері балық аулауға шығып, өздері ұсталып қалды

видеодан кадр видеодан кадр
Шортан аулаймыз деп барып, өздері ауға түскен шенділер кім? Олардың арасында әкімнің де болғаны рас па?

Ақтөбеде білдей бір ауданның басшылары балық аулаймыз деп бастары бәлеге қалды. Шенділер анау-мынау емес, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа демалуға барыпты. Құр қол бармай, асай-мүсейін артынып-тартынып жетіпті. Бір қызығы, кілең ығай мен сығайдың өзге адам аяғын аттап баспайтын қорыққа қалай кіріп кеткені беймәлім.

Шортан аулаймыз деп барып, өздері ауға түскен шенділер кім? Олардың арасында әкімнің де болғаны рас па? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын аумақ. Ол жерді жан баласы алаңсыз аралап, емін-еркін тыныға алмайды. Алайда, бұл кейбіреулер үшін аса қиындық келтірмеген секілді. Жуырда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары қорғалатын қорыққа заңсыз кіргендерді анықтапты. Жеті адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың арасында Ырғыз ауданының прокуроры мен аудандық сот төрағалары да бар екен.

Анар Айтжанова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

"Ақман" мемлекеттік қорығының күзетілетін аумағына рұқсатсыз кірген адамдарды ұстау туралы хабарлама келіп түсті. Олардың ішінде Ырғыз аудандық сотының төрағасы Бақытжан Ерлан да көрсетілген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде".

Судья Ерлан Бақытжан Ақтөбедегі атышулы істерге төрағалық еткендігін айта кеткен жөн. Резерватқа заңсыз кіргендердің бірі - ауданның прокуроры Айдос Сағындықов. Прокуратура саласында он жыл еңбек өтілі бар ол Ырғыз ауданында қызмет еткеніне небары екі жыл болған.

Өркен Ещанов, облыс прокурорының көмекшісі:

"Соның ішінде Ырғыз ауданының прокуроры Сағындықов Айдос болған екен. Осы дерек бойынша әкішілік жауапкершілікке тартылды, 380 бабымен. Қазіргі уақытта тәртіптік жауаптылығы мәселесін шешу үшін қызметтік тергеп тексеру жүргізулде. Қызметте жүр".

Сот пен прокурордан бөлек демалуға барғандардың қатарында Ырғыз аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және аудандық аурухананың қызметкерлері болғандығын айтты. Олардан қармақ, мұз оятын құрал және 10 келіге жуық балық тәркіленген. Саят құрғандардың арасында аудан әкімі болған деген рас па?

Әнуар Бермағамбетов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

"- Аудан әкімі болғаны рас па?

- Аудан әкімі болғаны рас екен деп айта алмаймын. Алайда, осы кісілердің айтуы бойынша, болған деген болжаммен біз жаңағы ішкі істер бөліміне баянат есебінде осы адамдарды анықтау мақсатында бергенбіз.

Хаттама толтырылып, 2 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін жетеудің ішінде де аудан әкімінің аты аталмайды. Алайда, мән-жайдың бәрі ішкі істер органдарының тексеруінен соң белгілі болмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: