Алматылық балықшылар балық аулауға шығып, жоғалып кетті

Рыболовство, рыбак, рыбаки, рыбалка, ловля рыбы, рыба, рыбы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 11:23 Фото: unsplash
Жетісулық құтқарушылар балық аулауға шығып, бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен 1988 жылғы ер адам мен оның жолдастарын аман-есен тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 25 қарашада ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жазды.

Ведомство мәліметінше, ер адам 22 қараша күні достарымен бірге Алматы қаласынан балық аулауға шығып, байланысқа шықпаған. Осылайша, құтқарушылар оларды 3 күннен кейін Жетісу облысы Ақжар ауылынан 3 шақырым қашықтықта іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, кең аумақты, оның ішінде жету қиын жерлерді тексерді.

Іздестіру шаралары барысында ТЖМ күштері Ақжар ауылынан 150 шақырым жерде ер адамдарды тапты. Олардың автокөлігі құмға батып қалғаны және олар өздігінен шыға алмаған.

ТЖД қызметкерлері тұрып қалған көлікті жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарды. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Алматыда бір мезетте бірнеше бизнес-ғимараты жанып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: