"Сергек" Атырауда да айыппұл салуға кіріспек

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2020 21:15 kolesa.kz
Ереже бұзбайтын жүргізушілердің алаңдауына еш себеп жоқ.

Атыраулық жүргізушілер қалада 1 қаңтардан бастап "Сергек" камералары қосылғанын бір біріне ескертуде. Көпшілігі телефондарына камералардың қайда орналасқанын айтатын карталар жүктеп алған, деп хабарлайды "АЖ".

"Сергек" орнатумен айналысатын "КөркемТелеком" ЖШС-і баспасөз қызметінің айтуынша, қазір Атырауда да бақылау камералары орнатылып жатыр.

- Кешендер алдымен орнатылады, сосын оларға электр тоғы тартылады, сосын баптау мен тестілеу жасалуы тиіс – тек содан кейін ғана камералар жүйесі айыппұл салуға кіріседі. Айыппұлдардың қашаннан бастап салына бастайтынын өкілетті орган хабарлайтын болады, - дейді "КөркемТелеком" ЖШС баспасөз қызметі. - Ереже бұзбайтын жүргізушілердің алаңдауына еш себеп жоқ. "Сергектің" басты міндеті – қаладағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: