Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл наурызда "Qatar Airways" Қазақстанға алғашқы рейсін жасайды 

Qatar Airways, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2020 21:21 Qatar Airways
Қазақтың байларын қуантатын жаңалық.

2020 жылдың 30 наурызында "Qatar Airways" әуе компаниясының Доха мен Нұр-Cұлтан қалалары арасында рейстің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ал 2020 жылдың 1 сәуірінде "Qatar Airways" әуе компаниясының Доха және Алматы қалалары арасында рейстің ашылу рәсімі өтеді.

Инаугурациялық рейстер Боинг-787 (Dreamliner) үлгісіндегі әуе кемесінде орындалатын болады. "Qatar Airways" әуе компаниясы Доха қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына аптасына 2 рейс жиілікпен және Алматы қаласына аптасына 4 рейс жиілікпен Эйрбас-320 үлгісіндегі әуе кемесінде тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды.

Екі ел арасындағы рейстерге билеттерді сатуды бастау ағымдағы жылдың 16 қаңтарына жоспарланған.

Рейстің ашылуы қазақстандық жолаушыларға Qatar Airways авиакомпаниясының 160 бағытына сапар шегуге мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: