Қазақстанға Қытай вакцинасын әкелу тоқтатылды
Ашық дерекөздерден алынды
Бюрабекова вакциналарды сатып алу процесі әлі аяқталмағанын атап өтті.
Қазақстанға А гепатитіне қарсы Қытай вакцинасын әкелу тоқтатылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.
Ол қытайлық вакцинаны қолдануға қатысты журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, вакциналарды сатып алу процесі әлі аяқталмағанын атап өтті.
"Тендерге Қытайда өндірілген вакцинаны жеткізушілер қатысты. Олардың екеуі елге бір реттік әкелуге рұқсат алды. Вакцина мәлімделген сапаға сәйкес келетіндігін анықтау үшін біз бүгін бір реттік әкелуге рұқсатты тоқтаттық", - деді Бюрабекова.
Тиісті тексеріс және қызметтік тергеу жүргізілгеннен кейін рұқсатты қайтарып алу немесе әкелуге рұқсат беру туралы шешім қабылданады.
Дерек көз: Sputnik Қазақстан
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript