Масаң күйде ұсталған жүргізуші "5 жылға соттамаңдаршы" деп жалынуда
Илья Давидович / kolesa.kz
14 қаңтар күні полицейлер "Хюндай Акцент" автокөлігін мас күйінде басқарған 37 жастағы бір бейбақты ұстап алды.
Алматы облысы аумағында екі күн ішінде ішімдік ішкен 8 жүргізуші анықталды. Оның ішіндегі үш жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соңғы дерек Талдықорған қаласында тіркелген. 14 қаңтар күні полицейлер "Хюндай Акцент" автокөлігін мас күйінде басқарған 37 жастағы ер адамды ұстады. Ол бұған дейін ішімдік ішіп, көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
"Талдықорған қаласының Әкімшілік соты 2019 жылғы желтоқсанда оны үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырған. Бұл заңбұзушылық екінші рет қайталанып отыр. Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл жаза қатаңдатылды. Яғни, қылмыстық өндіріс ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша қозғалды (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы). Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, ал ұсталған азамат қалалық полицияның уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Іс материалдары жақын арада сот органдарының өргандарының қарауына жолданады", - деп хабарлайды Талдықорған ҚПБ аға анықтаушысы Дидар Сейітжан.
Ұсталған жүргізуші өзінің қателігін мойындап, соттан және құқық қорғау органдарынан жазаны жеңілдетуді сұрады.
"Заң талаптарын білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын білемін. Алайда, сіздердің түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Мен өз кінәмді түсіндім және ол үшін өкінемін. Бұл оқиға қайталанбайды деп сендіремін", - дейді жүргізуші өз сөзінде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript