Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада 4 мың 200 көпбалалы анаға арнайы карточка таратылады

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2020 22:53 иллюстрация үшін алынды
Бүгінде қаладағы супермаркет желілерінің бәрімен келісім жасалды.

Елордада атаулы әлеуметтік көмек алатын көп балалы отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет ақпан айында беріле бастайды. Бұл үшін республикалық бюджеттен 2 млрд теңге, жергілікті қазынадан 56 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Бүгінде қаладағы супермаркет желісімен келісім жасалды. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары барысында айтылды.

Белгілі болғандай, өтініш қалдырған отбасылар 15 сауда нүктесіне барып тиісті тауарын ала алады. Оларға ай сайын азық-түлік, үш айда бір тазалық құралдары берілетін болады. Ал наурыз айында атаулы әлеуметтік көмек алатын 4 мың 200 көп балалы ананың әрқайсысына арнайы карта беріледі. Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің иесіне жетуін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бақылайды.

Бақтияр Мәкен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

- Арнайы мынадай карточкалар жасаймыз. Ол арқылы штрих-код бойынша бүкіл базасы болады осы жерде. Берілген нұсқауларға сәйкес карточкамен алып өте береді. Қалада 15 магнум орталықтары бар, бәрі ақпан айынан басталады. Карточный жүйе наурыз айынан бастаймыз.

Сондай-ақ вице-премьер қаладағы әлеуметтік кәсіпкерліктің даму барысымен танысты. Алдымен психикалық денсаулық медицина орталығына барған Бердібек Сапарбаевтың назарына тігіншілік, ұсталық, қолөнерге баулып жатқан емделушілер жайы ұсынылды.

Соңғы 4 жылда мұндағы 69 адам жұмыспен қамтылған. Елордада өзін жұмыспен қамтып қоймай, мүмкіндігі шектеулі замандастарына қолдау көрсетіп, оқытып жатқан ерекше жастар аз емес. Бастысы, олар да мемлекет назарынан тыс қалмайды.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- 4 процентпен берілетін шағын несиелер бар. Ғимарат береміз. Көмектесеміз. Ең бастысы, кәсіп игеру, жұмыс істеу. Біз көмектесеміз. Жерлестеріңізге қолдау көрсетіп жатқандарыңыз өте керемет. Ниет болса болды. Осындай курстар көп болған сайын, мүмкіндік те кеңейеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: