Үндістандағы бордельден өзбек қызы табылды
ozodlik.org
Қыз Делиде тіркелген, қазір оның Үндістандағы визасының мерзімі тексеріліп жатыр.
Үндістанның Бхопал қаласында жергілікті полиция секс-қызмет көрсетумен шұғылданған заңсыз топты қолға түсірді.
Арнайы рейд кезінде төрт әйел және оларға көмектескен екі ер азамат ұсталды.
Олардың арасында секс-қызмет көрсетумен шұғылданған өзбек қызы бар. Бұл туралы үнді баспасөзі хабарлады, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Өзбекстан азаматы қазір қамауда отыр. Полиция мәліметі бойынша, қыз Делиде тіркелген, қазір оның Үндістандағы визасының мерзімі тексеріліп жатыр.
Шетел басылымдарын өзбек қыздарының адам саудасы құрбаны болып, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Түркияда және Үндістанда ерікті түрде жезөкшелікпен шұғылданып жүргені туралы көп жазды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript