Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайда тарап жатқан індет теңге бағамына теріс әсер ете ме - сарапшылар пікірі

informburo.kz informburo.kz
ҚХР-дың экономикалық белсенділігін бәсеңдетуі теңге бағамына белгілі бір деңгейде әсер етіп үлгерді.

Бүгін, 27 қаңтарда, ICE биржасында Brent маркалы солтүстік мұнай қоспасы баррелінің бағасы 59,31 долларға дейін төмендеді. Яғни, мұнай 2,32 процентке арзандады. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, инвесторлар Қытайда коронавирустық індет тарауына байланысты алаңдаушылық білдіріп, мұнай сатып алудан бас тартып отыр. Сарапшылар мен экономистер әлемдік мұнай нарығындағы жағдайдың одан әрі қалай болатынын және оның Қазақстан үшін қандай салдары болуы мүмкін екендігі туралы пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Осындай жағымсыз құбылыстың салдары халықаралық нарықта байқалып қалып жатыр, атап айтқанда, мұнайдың бір баррелін 59 долларға дейін түсірді. Бұл процесс - қисынды, бірақ орта мерзімді перспективада бағаның құлдырауын жоққа шығарамын, сондықтан мұнай бағасы жақын күндері өз қалпына келеді деп ойлаймын, - дейді Олжас Төлеуов.

Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, өз кезегінде Қытайдағы вирус біздің экономикамызға теріс әсер етуі әбден мүмкін.

- Шикізат бағасының төмендеуі және экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуі, Қазақстаннан мұнайдың Қытайға экспортының төмендеуі, біз қазір байқап отырғанымыздай, теңгеге біршама қысым жасап жатыр. Сонымен бірге, ол бюджеттің кіріс бөлігіне біршама теріс әсер етуі мүмкін, бұл тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібіндегі қазақстандық кәсіпорындардың белсенділігіне байланысты. Сондай-ақ, егер Қытайдағы жағдай нашарласа және миллиондаған халқы бар қалалар карантині ұзаққа созылса, онда Аспан асты елінде азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі белең алып, оның бағасы шарықтап кетуі мүмкін. Осыған байланысты Қазақстанның азық-түлік тауарларының Қытайға экспорты ұлғаюы мүмкін, ондайда бізде де бағалар қымбаттауы мүмкін, - деп сөзін қорытындылайды Олжас Төлеуов.

Қазақстандағы EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев күзден бері алғаш рет мұнайдың бір баррелі 60 доллардан төмен түскенін атап өтті. Мұнай бағасының құбылмалылығы Қытайда жаңа коронавирустың пайда болуына байланысты әлемдегі тұрақсыздықпен түсіндіріледі. Сонымен қатар, мыстың да бағасы құлайды.

- Осы аптада біз теңгенің долларға шаққандағы бағамын 382-384 теңгеге дейін әлсірететінін болжаймыз. Дәл қазір доллар 380 теңгеден саудаланып жатыр, - деді Андрей Чеботарев.

Белгілі қазақстандық экономист Арман Байғанов та жағдай айтарлықтай қиын екенін, оның Қытайдағы секілді Қазақстан экономикасына белгілі бір деңгейде әсері болатынын айтады.

- Егер 2003 жылғы Қытайдағы вируспен салыстыратын болсақ, онда мұнай 17% -ға арзандады, ал қазіргі вирустың таралуы, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша одан тезірек жүріп жатыр, - деп түсіндірді сарапшы.

Оның пікірінше, қалыптасқан жағдай Қазақстан экономикасына әсер етпей қоймауы мүмкін емес.

- Біріншіден, вирустың пайда болуымен қазіргі уақытта бүкіл әлемде мұнай, мыс және алюминий сияқты көптеген шикізат бағалары арзандады. Трамптың импичментіне қарамастан, жанжал шығып, ол мұнай бағалары мен қор нарықтарына да кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, рубль тағы да әлсірей бастады. Сондықтан, бірінші жартыжылдықта доллар мен теңге қайтадан 380-390 дәлізіне оралады деп айтуға болады, - дейді Арман Байғанов.

Владимир Демидов

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: