Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Біріккен Араб Әмірлігі сапарының басты мақсатын атады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2020 22:34 Ақорда
Қазақстан Президенті Абу Дабидің тақ мұрагерімен келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі «Әл-Уатан» сарайының алдында өтті. Қазақстанның туы көтеріліп, екі мемлекеттің ұлттық әнұрандары орындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіргеннен кейін Құрметті қарауыл ротасын аралап өтті. Екі елдің ресми делегация мүшелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Рәсім соңында Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің тақ мұрагері келіссөз жүргізді. Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды жандандыруға, экономикалық серіктестікті кеңейтуге баса назар аударды.

– Сізді Біріккен Араб Әмірліктерінде көргеніме қуаныштымын. Әмірліктер Басшысының атынан Сіздің сапарыңызға табыс тілеймін. Сонымен қатар біздің жақын досымыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сәлем жолдаймыз. Қазіргі уақытта елдеріміз арасындағы екіжақты қатынастар жоғары деңгейде дамып келеді. БАӘ Қазақстанмен өзара ықпалдастықты нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық жан-жақты дамуда, – деп атап өтті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян.

Мемлекет басшысы Шейх Мұхаммедке қонақжайлық танытқаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан Президенті ретінде өзінің алғашқы сапарын араб әлеміне, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктеріне жасап отырғанын атап өтті.

– Екі ел арасындағы қарым-қатынастар тарихының тамыры терең. Бізді шынайы достық, өзара сенім мен түсіністік байланыстырады. Сондықтан қарым-қатынастарымыздың келешегі зор. Менің сапарымның негізгі мақсаты – екі мемлекеттің ынтымақтастығына тың серпін беру. Біз үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, бірақ бір орында тоқтап қалуға болмайды. Алға жылжуымыз керек. Мен осы сапарға ерекше мән беремін және үлкен үмітпен қараймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қаржы және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылдар мен ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттің де маңызды тарихи кезең алдында тұрғанын – келесі жылы Әмірліктердің құрылғанына 50 жыл, Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар қол қойылған құжаттармен алмасты. ҚР Энергетика министрлігі мен БАӘ Энергетика және өнеркәсіп министрлігі арасында мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға, ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен БАӘ экономика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен БАӘ Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: