Тоқаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне келіп жетті
Сурет: Ақорда
2025 жылы 13 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Дабидің орнықты даму аптасы" саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы ақпаратқа қол жеткізу және мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

