Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысында АИ-92 бензині 165 теңгеден сатылып жатыр

openbusiness.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2020 15:51 openbusiness.ru
Бұл шалғай аудандар үшін қалыпты жағдай көрінеді. Өйткені кәсіпкерлер жеткізу шығынын ақтау үшін бағаны осылай өсіреді.

БҚО-ның Жәнібек ауданында АИ-95 маркалы бензиннің литрі 210 теңгеден, ал 92-ші бензин 165 теңгеден сатылып жатыр. Аймақтағы энергетика басқармасының дерегінше, бұл шалғай аудандар үшін қалыпты жағдай көрінеді. Өйткені кәсіпкерлер жеткізу шығынын ақтау үшін бағаны осылай өсіреді, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қымбатшылық қалада да байқалды. АИ-92 бензині 7 теңгеге қымбаттаған. Мамандар мұны қазақстандық өндіріске акциз бағасының көтерілгендігімен байланыстырады. Осылайша бензин бағасы 3-7 теңге аралығында қымбаттады. Дегенмен жауапты мекеме өкілдері "қолда бар жанармай қоры жеткілікті, бензин мен дизельдік отын тапшы емес" деп жұбатады.

Бейімбет МУСИН, БҚО ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл өзгерістер тек біздің өңірімізде емес, бүкіл республика бойынша. Бүгінгі күні Орал қаласындағы ең арзан баға 140 теңгеден басталады. Ең қымбат жанармай АИ-92 жанармай 148 теңгеге дейін барады. Сол біртіндеп көтерілуі байқалуда. Сатып алу бағасына байланысты өндірушіден сатып алып, алып келгенде бүкіл кеткен шығындарын қосып, осы шекті бағаны қояды өздері.

Ал көлік иелері жанармайдың қымбаттағанына өкпелі. Өйткені іле-шала басқа да қызметтердің құны шарықтап шыға келмек. Ал бұл қарапайым халық үшін ауыр тиеді, дейді олар.

Манарбек КӨШАЛИЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

- Қысқы уақытта расход көп кетеді. Біз жүргенде күніне 20 литр заправка жасаймыз. Ол қанша мыңға шығады. Соның өзінде күнде-күнде санағанда, бірталай круглый ақша шығайын деп тұр. Біз енді соған шамалап жүрміз - 140-142 деп. Ол ертең қымбаттаса, біраз ауыр тиейін деп тұр. Өйткені қазір бәрі қымбаттап жатыр. Жалақы бұрынғы құнымен тұр көптен бері.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: