Жамбыл облысында қар жауды
Pixabay
Мамандардың айтуынша, бұл таулы аймақ үшін қалыпты жағдай көрінеді.
Жамбыл облысында жаздың қақ ортасында қар жауды. Табиғи құбылыс Меркі ауылынан 80 шақырым жерде Қырғыз елімен шекаралас аумақта тіркелген, деп хабарлайды "Хабар-24".
Ақ ұлпа 2 мың метр биіктікте тауда орналасқан Әулиекөл елді-мекенінің тұрғындарын біраз әбігерге түсірді. Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендеп кеткен. Мамандар оны солтүстіктен арктикалық суық ауа массаларының келуімен байланыстырып отыр.
Мамандардың айтуынша, бұл таулы аймақ үшін қалыпты жағдай көрінеді. Ал жақын күндері ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ысиды деп күтілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript