Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет Президент тапсырмаларын орындау үшін арнайы жұмыс тобын құратын болды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2020 15:59 primeminister.kz
Жұмыс тобы шеңберінде 10 шағын топты айқындау ұсынылады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын мазмұнды әрі жедел пысықтау қажет. Осыған байланысты, Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкіметте жұмыс тобын құру ұсынылады, — деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгінгі Үкімет отырысындағы баяндамасында, деп хабарлайды zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды. Жалпы 80-нен астам тапсырма берілді.

Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша шаралар кешенін ұсынды.

Р. Дәленов орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспарын әзірлеп, үш заң актісін қабылдау қажет екенін айтты. Бұл – жаңа редакциядағы 1Техникалық реттеу туралы1 заң, Бюджет кодексіне өзгерістер және Денсаулық кодексі. Сондай-ақ үш бағдарламалық құжатты бекіту қажеттігі айтылды. Бұл – Ақша-несие саясатының стратегиясы, Сауда саясаты бағдарламасы және Су ресурстарын басқару бағдарламасы.

"Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын мазмұнды әрі жедел пысықтау қажет. Осыған байланысты, Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкіметте жұмыс тобын құру ұсынылады", — деді ұлттық экономика министрі.

Жұмыс тобы шеңберінде 10 шағын топты айқындау ұсынылады. Бұл топтар Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын қамтиды. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары шағын топтарды басқарады және оларға дербес жауапкершілік жүктеледі.

Әрбір шағын топтың шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іс жүзінде орындауға бағытталған нақты шаралар әзірленуде.

1. Салық-бюджет саясаты бойынша (ҰЭМ) мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығы үшін ашық және прагматикалық саясат құру бойынша шаралар әзірленетін болады. Барлық салықтық преференциялар мен жеңілдіктер олардың тиімділігі тұрғысынан талданатын болады.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Бюджет кодексіне контрциклдік бюджет қағидаларын бекіту бойынша өзгерістер енгізіледі.

2. Ақша-кредит саясаты мен қаржы секторы бойынша (ҰБ мен ҚНРДА) инфляция мен экономикалық өсу арасындағы консенсусқа қол жеткізуге бағытталған шаралар әзірленетін болады. Ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін Ақша-кредит саясаты стратегиясы және хеджирлеу инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Сондай-ақ қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту және ұлттық төлем жүйесін құру бойынша шаралар әзірленетін болады.

3. Мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор бойынша (ҰЭМ) құзыреттілік пен тиімділікті арттыруға және дебюрократияға қатысты шаралар әзірленетін болады. Ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін нәтижесіз шығыстарды қысқарту бойынша шаралар қабылданатын болады. Сонымен бірге, ауыртпалықсыз кейінге қалдыруға болатын мемлекеттік шығыстардың тізбесі айқындалады.

4. Кәсіпкерлікті, бәсекелестікті дамыту және мемлекет меншігінен алу бойынша (ҰЭМ). Кешенді шаралар іске асырылатын болады. Бұл – нарықты монополиясыздандыру, әкімшілік және экономикалық кедергілерді жою, сондай-ақ бизнестің мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау мен консультациялар алуын оңайлату мақсатында «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай терезесі құрылатын болады. Жекешелендіруге жататын объектілердің тізімі кеңейтілетін болады.

5. Агроөнеркәсіптік кешен бойынша (АШМ) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және Агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалатын болады. Осы жылдың соңына дейін Су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленетін болады.

6. Өнеркәсіп және құрылыс бойынша (ИИДМ) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды, қайта өңдеу өнеркәсібін тиімді дамыту жөнінде, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Қосылған құнның жаһандық тізбегіне ену жөніндегі, сонымен қатар экспортты арттыру және әртараптандыру бойынша шаралар іске асырылатын болады. Одан басқа, тұрғын үй салу және инфрақұрылымды сапалы дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа редакциядағы "Техникалық реттеу туралы" Заң қабылданады.

7. Сауда саясаты бойынша (СИМ) бағдарлама әзірленетін болады.

Өткізу нарықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету және электрондық сауданы дамыту бойынша шаралар іске асырылатын болады.

8. Әлеуметтік саясат бойынша (ЕХӘҚМ) әлеуметтік саладағы заңнамаға түгендеу жүргізілетін болады. Биылғы 1 шілдеге дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленетін болады.

9. Денсаулық сақтау саласында (ДСМ) медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шаралар, оның ішінде Денсаулық кодексі қабылданады. Кодекстің жобасы ашық және кеңінен талқыланады.

10. Білім беру бойынша (БҒМ) педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады. Ғылыми-өндірістік кластерлер құру және адами капиталды дамыту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылғы 15 мамырға дейін Орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық даму жоспары қабылданатын болады. Жұмыс тобы әзірлеген негізгі шаралар Жоспарға енеді. Әрбір орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган белсенді қатысады", — деп сөзін түйіндеді Дәленов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: