Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 200 теңгелік монеталар шықты

ҚР Ұлттық банкі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2020 16:32 ҚР Ұлттық банкі
Онда "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY" деген жазба тұр!

ҚР Ұлттық Банкі 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналдық құны 200 (екі жүз) теңгелік биколорлы айналыстағы монеталарды айналысқа шығарады, деп хабарлайды zakon.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монеталардың дизайны ҚР Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орындалды.

Биколорлы айналыстағы монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркемдік элементтерінің үйлесімі көрініс береді.

Биколорлы айналыстағы монеталардың сипаты:

Монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Қыры тегіс және бедерлі секторлармен кезектесіп отыратын 16 ойықпен бедерленген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра эмитент елді білдіретін "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY" деген жазба бейнеленген. Монетаның төменгі жағында соғылған жылын білдіретін "2020" деген жазу бар.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған "200" деген жазу бар. Монетаның жоғарғы және төменгі бөліктерінде – тік сызықтар түрінде орындалған ою-өрнек кескіндері. Монетаның төменгі бөлігінде – тарамдалған сызықтар аясында орындалған, ұлттық валютаның мәтіндік атауын білдіретін "TEŃGE" деген жазу. Монетаның сол жақ бөлігінде QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI эмитент банкті білдіретін "QUB" аббревиатурасы бар. Монетаның оң жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотип).

Техникалық сипаттамалары:

Металл құрамы: нейзильбер/нибрасс

Массасы: 7,5 грамм

Диаметрі: сыртқы сақинасы – 26 мм, ішкі дискі – 18,3 мм

Қалыңдығы – 1,90 мм

Қыры: 16 ойықтар.

Айта кету керек, номиналы 200 (екі жүз) теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және айналыстан табиғи тозу шамасына қарай алынады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: