Қағаз тозды. Ұлттық банк айналымға 200 теңгелік монета шығармақ

nationalbank.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 16:52 nationalbank.kz
Монеталардың қолданылу мерзімі – 10-15 жыл.

Қазақстанның Ұлттық банкі 2020 жылы номиналы 200 теңгелік монетаны айналымға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктің маңызды міндеттерінің бірі қолма-қол ақша айналысында жүрген қолма-қол ақшаның сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл банкнотты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, оның санитарлық қауіпсіздігі және қорғалу мәселесі.

"Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттар және монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу мерзімі – 10-15 жыл", - деді қолма-қол ақша айналымы департаменті басшысы Жомарт Қажмұратов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 16:52

Қолма-қол ақша айналымын тиімді ұйымдастыру және төмен номиналдардың қолданылу мерзімін ұлғайту мақсатында, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік монетаны шығару туралы шешім қабылдады.

"Номиналы 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті. Олар табиғи тозуына қарай айналымнан алынатын болады", - деді Ұлттық Банктің өкілі.

Номиналы 200 теңгелік айналыстағы монеталарды айналымқа шығарудың жоспарланып отырған көлемі айналыстағы монеталардың жалпы сомасының 26%-ын құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: