Жаңалықтар тізбегі
0

Екі түсті 100 теңгелік монета айналымға шығарылды

ҚР Ұлттық банкі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2020 19:37 ҚР Ұлттық банкі
5000 теңгелік коллекциялық монета да айналымға шығарылады.

Қазақстан Ұлттық банкі "Дала қазынасы" сериясы бойынша "JETI QAZYNA" монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, номиналы 100 теңгелік биколорлы айналыстағы монеталар 7 түрде берілген - "ER JIGIT", "SULÝ ÁIEL", "QUMAI TAZY", "AQYL BILIM", "BEREN MYLTYQ", "JÚIRIK AT", "QYRAN BÚRKIT".

Бұл монеталар айналымға тек екінші деңгейдегі банктер арқылы шығарылады. Кейін айналымдағы өзге монеталармен бірге қолма-қол ақша түрінде пайдаланылады.

Техникалық сипаттамалары жағынан олар номиналы 100 теңгелік монеталарға толығымен ұқсас. Сол себепті "JETI QAZYNA" монеталарын қабылдау үшін төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеу талап етілмейді.

100 теңгелік номиналдың массасы – 6,45 г, диаметрі – 24,5 мм. Әр түрінен 500 000 дана, жалпы таралымы – 3,5 млн дана.

"JETI QAZYNA" коллекциялық монеталары:

1) 500 теңгелік номинал «proof» сапасымен 999/1000 сынамалы алтыннан тұрады, , массасы 7,78 грамм, диаметрі 25 мм, таралымы 1000 дана;

2) 5000 теңгелік номинал «proof» сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен тұрады, , массасы 777,5 грамм, диаметрі 100 мм, таралымы 250 дана;

3) 500 теңгелік номинал «proof» сапасымен 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, , массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, таралымы 3 000 дана;

4) 200 теңгелік номинал «рrооf-like» сапасымен МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, таралымы 25 000 дана.

5) 100 теңгелік номинал «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан тұрады, массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм, әр түрінен 25 000 дана, жалпы таралымы 175 000 дана.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2020 19:37

Номиналы 500 теңгелік - алтыннан, номиналы 500 және 5 000 теңгелік - күмістен дайындалған монеталар, номиналы 200 теңгелік мельхиор қоспасынан дайындалған бір коллекциялық монетадан және номиналы 100 теңгелік «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған жеті биколорлы айналыстағы монетадан тұратын блистерлік жиынтық коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Алтыннан және күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. "рrооf-like" сапасымен мельхиор қоспасынан және «brilliant uncirculated» сапасымен нибрасс/нейзильбер қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік жиынтықта шығарылады.

Бұл монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Айналымдағы коллекциялық және биколорлы монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Бағалы металдардан жасалған және блистерлік жиынтықтардағы коллекциялық монеталарды сату күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында жарияланады. Бұл монеталарды Ұлттық Банктің барлық аумақтық филиалдарынан, сондай-ақ ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: